Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семей қаласына қарасты ауылға ұялы байланыс желісі тартылды

Жарияланған күні:

Семей
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысы Семей қалалық әкімдігі аумағындағы Жиенәлі ауылдық округіне қарасты Бөкенші және Маралды ауылдары тұрғындарының қордаланып жүрген мәселесі шешімін тапты, деп хабарлайды Жиенәлі ауылдық округының әкімдігі. Округте ұялы байланыс нашар болғандықтан, ғаламторды пайдалану мүмкін емес еді. Бүгінде Бөкенші ауылына ұялы байланыс желісі тартылып, бірқатар мәселе түбегейлі шешілді.

Округте халық саны аз болғандықтан, ұялы байланыс желісін тарту мүмкіншілігі болмай жүрді.

Биыл Бөкенші ауылында ұялы байланыс мұнарасын орнату жұмысы аяқталып, 2022 жылдың Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында іске қосылды. Енді округте ауыл тұрғындары үшін интернет және мобильді байланыс қолжетімді, интернет жылдамдығы өте жоғары.

Бұл жаңалық ауыл тұрғындарын мейрам қарсаңында қатты қуантты. Өз қуанышын жасыра алмаған ауыл тұрғындары Жиенәлі ауылдық округінің әкімдігіне алғысын жаудырып, жылы лебізін білдірді.

Айта кетейік, Бөкенші ауылына спутник тарту «Жоба 250+» бағдарламасы арқасында шешімін тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002306-semei-qalasyna-qarasty-auylga-uyaly-bailanys-zelisi-tartyldy/