Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз әкімі қаладағы өрт қауіпсіздігіне қатысты жиын өткізді

Опубликовано:

Бақытжан Орынбеков
Бақытжан Орынбеков. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Бүгін Тараз қаласы әкімінің төрағалығымен жауапты бөлім басшылары, сауда орталықтарының иелерімен жиын өтті. Негізгі мәселе – сауда орталықтарындағы, тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі.

Жиында алғашқы болып сөз алған Тараз қалалық төтенше жағдай басқармасының басшысы Ә. Сарбатов жыл басынан бері Таразда 217 өрт оқиғасы тіркелгенін айтты. Өрттен келген шығын 31 млн. 590 мыңды құраған. Өрт салдарынан 3 адам көз жұмып, 2 адам зардап шеккен.

Жыл басынан бері өрт қауіпсіздігін сақтамағаннан 7 кәсіпкерлік нысан отқа оранған. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сауда орындары басшыларымен 4 дөңгелек үстел отырысы, 12 нұсқаулық өткізіліп, 4000-нан аса жадынама таратылды.

Басқосу барысында қалалық электр желісінің басқарушысы С. Дүйсебеков шаһар аумағындағы тұрғын үйлерді электр желілерімен қамтамасыз ету және оның техникалық шарттары бойынша мағлұмат берді. Ал "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Жамбыл өндірістік филиалы өндірістік-техникалық бөлімінің маманы Б. Шалтаев жыл басынан бері газдан улану бойынша 24 оқиға орын алғанын, оның ішінде 61 адам иісті газға уланып, 2 адам қайтыс болғанын жеткізді.

Келеңсіз оқиғаның 85 пайызы мұржаның бітелуі, жарамсыз болуы, қолдан жасалған пешті пайдалану және тағы басқа қауіпсіздік ережесінің сақталмауынан орын алған. Осындай қайғылы оқиғалар орын алмас үшін "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ мамандары 220 000 ескерту парағын таратып, төтенше жағдай қызметкерлерімен бірлесіп газ қондырғысын дұрыс пайдалану туралы түсіндірме жұмысын жүргізген.

Қала әкімдігі тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысының м.а. А.Тукебаев жылыту маусымына байланысты тұрғын үйлерде газбен улану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде деді. Осы бойынша 125 154 тұрғын үй араланған. Сала маманының мәліметінше, тұрғын үй секторындағы өрттің 50 процент шығу себебі адами фактордан орын алады екен.

Мамандарды тыңдаған қала әкімі Бақытжан Орынбеков жауапкершілік пен қауіпсіздік басты ұстанымымыз екенін, сондықтан бұл мәселеге барынша мұқият болу қажеттігін ескертті. Әсіресе, алдағы мереке күндері барынша сақтық шараларын қолға алып, сауда орындары мен базарларда, тұрғын-жайларда мұқият болуды тиісті мамандарға тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002336-taraz-akimi-qaladagy-ort-qauipsizdigine-qatysty-ziyn-otkizdi/

pixel