Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз әкімі азық-түлік бағасын қатаң бақылауда ұстау керектігін ескертті

Опубликовано:

Тараз әкімі жиналыс өткізуде
Аппарат жиналысы. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте шаһар бюджетінің игерілуі мен азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.

Жиында сөз алған қала әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Жеңіс Пәрімбеков қаржы игерілмеу қаупі туындап отырған салалар бойынша есеп берді.

Келесі кезекте қала әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Алтай Айдынның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары туралы баяндамасы тыңдалды.

Қазіргі таңда қала аумағындағы 635-дан аса азық-түлік тауарларын сататын сауда дүкендері жұмыс істеп тұрса, қала әкімінің хаттамалық тапсырмасына сай барлық сауда дүкендерінде бағаға қатысты зерделеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге тауарлардың үстеме бағасын 15 пайыздан асырмау туралы хабарлама хаттары таратылған. Десе де 103 дүкен иесіне ескерту парақшасы беріліп, бағаны негізсіз өсірмеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Бұл бағыттағы зерделеу жұмыстары жыл аяғына дейін жалғасатын болады.

Жиында қала әкімі азық-түлік бағаларының тізбегін жасап, бағаның құбылуын күнделікті енгізіп тұруды ұсынды. Осылайша Бақытжан Әмірбекұлы баға тәуліктік бақылауда болуы қажеттігін жауапты мамандарға қатаң ескертті.

Аппараттық кеңесте бұдан бөлек жылыту маусымына дайындық барысы, мектеп оқушыларының тасымалы, жол құрылысы сынды мәселелер де қаралып, тиісті мамандарға нақты міндеттер жүктелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002339-taraz-akimi-azyq-tulik-bagasyn-qatan-baqylauda-ustau-kerektigin-eskertti/

pixel