Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрт күн бойы өмір үшін күрестің": Марқұм Асқар Забикулиннің жары жантебірентерлік жазба қалдырды

Жарияланған күні:

Асқар Забикулин жұбайы Анельмен
Асқар Забикулин жұбайы Анельмен. Фото: instagram/anelya_zn

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде болған өрт кезінде үш адамды құтқарып, кейін өзі жансақтау бөлімінде көз жұмған Асқар Забикулинге "Алтын адам" сыйлығы берілді. Ал оның жұбайы Анель Забикулина күйеуіне қатысты кезекті жазбасын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Төрт күн бойы өмір үшін күрестің. Төрт күн бойы сен жансақтау бөлімінде жаттың. Төрт рет өмір сүргің келді... Бірақ сенің жүрегің тоқтап қалды.

Қазір біз демалыста болушы едік. Алматының Арбатында қол ұстасып қыдырып, кофе ішіп жүруші ек... Солай жоспарлап едік қой...

16 қараша күні сені кезекшілікке шығарып салып тұрып, еш ойланбастан: "Алақай, 20 күні сенің соңғы ауысымың, содан соң демалыс", - дей салдым.... Ал сен соңғы емес, кезекті ауысым екенін айттың. Міне, сен 20 қараша күні демалысқа шықтың. Мәңгі, ұзақ, қайта оралмайтын демалыс... Ал мен қазір осындамын. Тек біздің жоспарымыз бойынша емес, саған берілген "Алты адам" жүлдесін алуға келдім.

Өмір расында қиын, қатал, кейде болжап болмайтын дүние... Ол ешкімді аямайды, он жастасың ба, қырықтасың ба, бәрібір... Осыған қарамастан, сен жарқын және лайықты өмір сүрдің. Алтын адамсың сен, Асқар Забикулин! Ғасыр адамысың. Ғасыр батырысың. Жаның жәннатта болсын, жаным", - деп жазды Анель.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002341-tort-kun-boiy-omir-usin-kurestin-marqum-asqar-zabikulinnin-zary-zantebirenterlik-zazba-qaldyrdy/