Еліміздің ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады
Опубликовано:

Синоптиктер 21 желтоқсан, сәрсенбіде Қазақстанның ірі қалалары мен ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Метеорологтардың болжамынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар түрінде), көктайғақ, бұрқасын сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі.
Алматыда +2…+4 градусқа дейін жылы болады. Күннің соңында қалада қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Сондай-ақ солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 2 -7 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Астанада бүгін күн ала бұлтты, күндіз қар жаууы мүмкін. Ауа температурасы -7...-9 градус аралығында болады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с-қа дейін жетпек.
Ал еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте бүгін таңертең және күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр түрінде), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Күндіз ауа температурасы -1-мен +1 градус аралығында болады. Сонымен бірге батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, күші 8-13, кейде 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002353-elimizdin-iri-qalalarynda-bugin-aua-raiy-qandai-bolady/