Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 35 градусқа дейін аяз күтілуде

Опубликовано:

Аяз
Аяз: Рexels.com

Синоптиктер алдағы күндері, яғни 22-24 желтоқсанда елімізде қандай ауа райы болатынын айтты. Болжам "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған.

Мамандардың болжауынша, таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

Метеорологтардың айтуынша, жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар Атлантикалық циклон ел аумағына қар, бұрқасын әкеліп, желдің күшеюі секундына 15-20 метр болмақ, ал екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Атмосфералық жоғары қысымның әсерімен тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Мамандар синоптикалық процестердің тез ауысуымен ауа температурасының күрт өзгеруін ескертеді, атап айтқанда еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 23 желтоқсанда түнде 20-35 градусқа дейін төмендейді, ал 24 желтоқсанда түнде 5-20 градус аяз болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002432-elimizde-35-gradusqa-deiin-ayaz-kutilude/

pixel