Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда әкімдік маңында мемнөмірдің орнына "Свой" деген жазуы бар көлік видеоға түсіп қалды (видео)

Опубликовано:

Ақтауда көлікке мемлекттік нөмірдің орнына жазу жазып алған
Мемлекеттік нөмірі жоқ көлік. Фото: Іnstagram.com/mangistaupd

Ақтауда бейнебақылау камераларының көмегімен жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталды. Оған қоса көлікте мемлекеттік нөмірдің орнына "Свой" деген жазу жазылған. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, 14 желтоқсан күні сағат 22:25 шамасында Ақтау қаласы ПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері 14-шағын ауданда орналасқан облыстық әкімдікке қарсы жолда мемлекеттік нөмірдің орнына "Свой" деген жазуы бар шамадан тыс жылдамдықты асырып келе жатқан Mercedes Benz автокөлігі анықталды.

Жедел басқару орталығы бірден Патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне бағыттама береді. Жедел әрекет етудің нәтижесінде автокөлік тоқтатылды.

Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-тің 590-бабы 2-тармағы және осы кодекстің 612-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталды.

Автокөлік құралының мемлекеттік белгісі шешіліп, темір тұлпар айыптұраққа жабылды.

Маңғыстау облысы ПД тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдықты шамадан тыс асырмауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002468-aqtauda-akimdik-manynda-memlekettik-nomirdin-ornyna-svoi-degen-zazuy-bar-kolik-videoga-tusip-qaldy-video/

pixel