Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана прокуратурасы Путин күзетінің бұрынғы қызметкерінің ұсталуына қатысты түсініктеме берді

Опубликовано:

Ер адамның қолына кісен салынған
Ұсталған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астана прокуратурасы Ресей Федерациясы президентінің бұрынғы күзет қызметкерінің ұсталуына қатысты түсініктеме берді. Олар ер адамның іздеуде жүргенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Жилин М. есімді ер адамның шекараны заңсыз кесіп өткені және қашқаны үшін іздестіруде. Оны одан әрі ұстау мәселесі Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық заңнамасының нормаларына сәйкес шешілетін болады", — деп хабарлады елорданың прокуратурасында.

Бұған дейін Қазақстанда ұсталған Ресей Федерациясының азаматы прокурорлардың өтінішінен кейін қамауға алынғаны хабарланған болатын.

"Азаттық" радиосының хабарлауынша, ұсталған азамат Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкері, атап айтқанда, ол Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің Сібір федералды округіндегі арнайы байланыс және ақпарат бөлімінде ауысым бастығы болып жұмыс істеген, Владимир Путин үкіметінің аймақтармен байланысына жауап берген және мемлекеттік құпияларды білген. Осы себепті оған елден шығуға тыйым салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002478-astana-prokuraturasy-putin-kuzetinin-buryngy-qyzmetkerinin-ustaluyna-qatysty-tusinikteme-berdi/