Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңа мемлекеттік мерекені атап өту ұсынылды

Опубликовано:

Мәжіліс
Мәжіліс ғимараты. Көрнекі фото: Рarlam.kz

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов палатаның жалпы отырысында 12 желтоқсанды ресми түрде Алаш күні деп белгілеп, жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өтуді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Берік Дүйсембинов өз өтінішін премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады. Ол 1917 жылы желтоқсанда Әлихан Бөкейхановтың Алаш республикасы үкіметінің төрағасы болып сайланғанын, оған "Сарыарқа" газетінде жарияланған мақала дәлел екенін атап өтті.

"Биыл Алаш Республикасының құрылғанына 105 жыл толып отыр. Естеріңізге салсам, біз 29 маусымда бұл датаны мемлекеттік деңгейде атап өту туралы депутаттық сауал жолдаған болатынбыз. Алайда, бұл мәселені бізге салалық министрліктерге жолданғанын хабарлап еді. Бірақ, өкінішке қарай, бұл тарихи дата тағы да назардан тыс қалды", — деді мәжіліс депутаты.

Депутат тарихи әділеттілікті орнататын күн келгенін мәлімдеді.

"Тарихты жаңа ұрпаққа насихаттау мақсатында 12 желтоқсанды Алаш күні ретінде тарихи құжаттармен расталған Алаш Республикасының құрылған күні деп ресми түрде белгілеп, оны жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өтуді сұраймыз", — деп түйіндеді Берік Дүйсембинов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002499-qazaqstanda-zana-memlekettik-merekeni-atap-otu-usynyldy/

pixel