Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте көлік багажы үстіне отырып көше аралаған жастарға айыппұл салынды

Опубликовано:

Шымкентте көліктің багажында отырған қыз
Көліктің артында отырған қыз. Видеодан кадр: Іnstagram.com/dudoser_video

Шымкентте жеңіл көліктің артына отырып көше аралаған жастар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкенттік жастар құрбысын жеңіл көліктің үстіне отырғызып, қала көшелерін аралаған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан қыздың да еш қорықпастан жүк салғыштың үстінде отырғанын көруге болады.

Полицияның іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жазбада көрсетілген жүргізуші анықталды. Ол 24 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ол видео түсіру үшін жол қозғалысы ережесін бұзған.

"Ол "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау" бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Оған 5 АЕК айыппұл салынуы мүмкін" — делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002508-symkentte-kolik-bagazy-ustine-otyryp-kose-aralagan-zastarga-aiyppul-salyndy/

pixel