Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады
Опубликовано:

Синоптиктер бүгін, 22 желтоқсан еліміздің ірі қалаларына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Синоптиктердің болжамынша, Астанада қар жауып, күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы-17…-19 градусты болса, түнде -29…-31 градус аязды көрсетеді. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с-ке дейін жетеді.
Алматыда да күн ала бұлтты, қар жауады деп күтілуде. Ауа температурасы -2…-4 градус болады деп болжанып отыр. Түнде сынап бағанасы -10…-12 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Желдің жылдамдығы – 2-7 м/с-ті көрсетеді.
Шымкентте бүгін метеорологтар күн ашық, ала бұлтты болады деп болжап отыр. Күндіз қалада ауа температурасы -1…+1 градусты көрсетсе, түнде -10…-12 градус аяз болады. Ал желдің жылдамдығы 8-13 м/с-ке дейін жетуі ықтимал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002525-bugin-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/