Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда әскери қызметкер өз қызын зорлады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Жеткіншек. Көрнекі фото
Жеткіншек. Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстауда Ақтау горнизонындағы әскери бөлімшенің қызметкерлерінің бірі өз қызын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы бас прокуратураға сілтеме жасаған InAktau.kz басылымы хабарлайды.

Прокуратура ұсынған мәліметтерге сәйкес, әскери қызметкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі және 124-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.

"Аталған әскери қызметкерге қатысты сот қамауға алу туралы санкция қабылдады. Маңғыстау облысында әскери қызметкердің балаларды зорлады деген басқа дерек тіркелмеді. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай аталған фактіге қатысты басқа деректер құпия сақталады", - деді бас әскери прокурордың орынбасары Сәкен Ермекбаев.

Бейресми деректерге сәйкес, күдікті теңіз жаяу әскерінің әскери қызметкері екені анықталды. Сондай-ақ зәбір көрген баланың жасы 11-де деп болжанып отыр.

Басылымның дерегінше, сексуалдық сипаттағы зорлау әрекеті жарты жыл бойы жалғасқан. Отбасында тағы бір қыз тәрбиеленуде, ол зорлау фактісін ұялы телефон камерасына түсірген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002528-mangystauda-askeri-qyzmetker-oz-qyzyn-zorlady-degen-kudikke-ilindi/

pixel