Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық екі қыз қалта ұрлығымен айналысты деп күдіктеліп отыр

Опубликовано:

Скриншот видеодан алынды. Фото
Скриншот видеодан алынды. Фото: Polisia.kz

Алматылық полицейлер бұрын сотталған қаланың екі тұрғынын қамауға алды. Олар қалта ұрлығымен айналысты деп күдіктеліп отыр, деп хабарлайды ІІМ Polisia.kz ақпараттық медиапорталы.

Басылымның мәліметінше, Медеу аудандық полиция қызметкерлері жеңіл жолмен ақша табатын екі қызды ұстаған. Сондай-ақ полиция олардың бұрын сотталғанын хабарлап отыр.

"Ауданымыздағы базарлардың бірінде қалта ұрлығын жасаған 28 жастағы Ф.есімді азаматша және 25 жастағы Б.есімді азаматша ұсталды. Олар жас қыздың қалтасынан iPhone 13 ұялы телефонын шығарып алған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде олардың қалта ұрлығының екі дерегіне қатыстылығы анықталды", – дейді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Ілияс Өмірсеріков.

Бүгінде тәртіп сақшылары күдіктілердің қаланың басқа да аудандарында болған, осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын тексеріп жатқан көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002532-almatylyq-eki-qyz-qalta-urlygymen-ainalysty-dep-kudiktelip-otyr/

pixel