Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арамызда әлі күнге дейін от махаббат бар": танымал тележүргізушілер бір-бірін қалай тапқанын айтты

Опубликовано:

Нұрділдә Ораз бен Гүлназ Әлімгерей
Нұрділдә Ораз бен Гүлназ Әлімгерей. Фото: instagram/gulnaz_alimgerey

Қазақ телевиязсындағы жұлдызды жұп - Нұрділдә Ораз бен Гүлназ Әлімгерей "Жаңа қадам" бағдарламасында қонақ болып, өздерінің махаббат хикаяларын баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрділдә мен Гүлназдың танысып, табысуына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі факультетаралық байқау себеп болған.

"Бұл 20 жыл бұрынғы дүниелер болатын. 2002 жылы көктемде таныстық. Мен журналистика факультетінің телевидение кафедрасында оқысам, Гүлназ менен бір курс төмен, пиар бөлімінде оқыпты. Бізді деканның орынбасары таныстырды. Сол көктемде факультетаралық "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" атты үлкен байқау өткелі жатыр екен. Апайларымыз бізді соған бірге қатысады деп, таңдап қойыпты. Солай таныстық. Кейін тағдыр табыстырды", - дейді Нұрділдә Ораз.

Ал Гүлназдың айтуынша, олар байқауға дайындалып жүргенде-ақ, көпшілік оларды сырттай табыстырып қойған.

"Декан орынбасарының кабинетіне барсам, Нұрекең отыр екен. Сол кездің өзінде жасы елуге келіп қалған апайымыз бізге қарап күлімсіреп: "Қандай күшті жұпсыңдар", - деп айта беретін. Ойымда ештеңе жоқ. Кейін білдім, сол кезде Нұрділда жарысқа қатысатын қызды көріп кетуге ғана келген екен. "Қыз ұнаса ғана байқауға қатысамын", - деп талап қойыпты. Қыз ұнаса керек, жарысқа қатысты ғой", - деді Гүлназ Әлімгерей.

Ерлі-зайыптылардың айтуынша, олардың махаббат жыл өткен сайын үдей түскен.

"Әлі күнге дейін арамызда от, ыстық, махаббат бар. Жылдар сайын үдемесе, бәсеңсіген емес. Университетте алғаш қызды қарататын кездер болады ғой. Сол кездерде кербез, сылқым болатын. Артынан гүл құшақтап барып, бұл ханымды қаратумен болдық қой. Бұл кісіге деген көңілім болар, ізеттілігім болар, кейін үлкен махаббат пайда болды", - дейді Нұрділдә Ораз.

Гүлназ болса, болашақ жұбайы өзін қарату үшін түрлі қадамдарға барғанын айтты.

"Ол кезде біз кассета тыңдаймыз. Бізде мүмкіндіктер бар ғой, студиялар бар. Әндер арқылы маған деген сезімдерін жеткізген. "Күйем, сүйем" демеген, жай ғана өлең жолдарымен жеткізген. Дипломат қой, енді...", - деді Гүлназ Әлімгерей.

Сөз соңында үйленгендеріне жиырма жылға жуықтаған жұбайлар артынан ерген жастарға батасын берді.

"Өмірде көп оқыңыздар. Өмірде көп саяхаттап, көп адамдармен тілдесіңіздер. Сол кезде көкжиегіңіз кеңейіп, таңдауыңыз да оңайға түседі. Абай айтқандай, нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек керек. Телефонға ғана шұқшиып, сондағы ақпаратты алатын болса, көкжиек тарылады. Кейін ол жанындағы әдемілікті де көре алмауы мүмкін. Сол үшін адамдармен сөйлесу керек", - деді Нұрділда Ораз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002569-aramyzda-ali-kunge-deiin-ot-maxabbat-bar-tanymal-telezurgizusiler-bir-birin-qalai-tapqandaryn-aitty/

pixel