Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында туған әпкесі мен бауыры бір-бірімен жанжалдасып, полицияға шағымданды

Опубликовано:

Ұрысып қалған адамдар. Көрнекі сурет
Ұрысып қалған адамдар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодар облысында туған әпкесімен жанжалдасқан ер адам жауапқа тартылды. Бұл туралы ІІМ Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, Павлодар облысы Шарбақты ауданы полициясына Красиловка ауылының 51 жастағы тұрғыны үйінде ішімдік ішіп, әпкесімен жанжалдасқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Белгілі болғандай, жанжал кезінде ол әпкесін балағаттап, күш қолданамын деп қоқан-лоқы көрсеткен.

Сонымен бірге, полиция ер адамның әкімшілік жаза тағайындалғаннан кейін бір жыл ішінде отбасылық жанжалды қайталап отырғанын айтады.

Осылайша, бауырының аталған әрекетіне шыдамаған әпкесі, учаскелік полиция инспекторын тағы шақыруға мәжбүр болған.

Бүгінде құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал дайындалып, материал сотқа жіберілген.

Сонымен қатар басылым сот отырысында құқық бұзушы кінәні толық мойындағанын айтады. Ал сот отырысында жәбірленуші соттан туған бауырын қатаң жазаламауды сұраған.

Нәтижесінде, сот ауыл тұрғынын сегіз тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қолдану үкімін шығарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002579-pavlodar-oblysynda-tugan-apkesi-men-bauyry-bir-birimen-zanzaldasyp-policiyaga-sagymdandy/

pixel