Көпшілікке "Үкілі бала" есімімен танылған емші әке атанды
Жарияланған күні:
Халық арасында "Үкілі бала" есімімен танылған емші Ерболсын Серікбаев әке атанды. Ол бұл жайлы Instagram парақшасында мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Үкілі балаға әйелі ұл сыйлаған. Емші тұңғыш ұлының өмірге келгенін әлеуметтік желіде өлең жолдары арқылы жеткізді.
"Құлагерім, Бар бақытым өзіңсің сірә менің Бір тілеуін әкеңнің берер болса, Саған ғана амандық сұрар едім!
Мұрагерім, Ақ жүзіңді семсер қып сыңар едім Ақ пен қара айқасқан бұл өмірде Жыға көрме туымды мына менің", - деп жазып қойды Үкілі бала.
Айта кетейік, әлеуметтік желі қолданушылары Ерболсын Серікбаевты әке атануымен құттықтап, ақ тілектерін арнаған.
"Бауы берік болсын", "Үлкен азамат болсын", - деп жазды желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002587-kopsilikke-ukili-bala-esimimen-tanylgan-emsi-ake-atandy/