Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды әкімінің міндетін атқарушы ЖЭО-1 ауданындағы апат орнынан тікелей эфирге шығып, ыңғайсыз жағдайға тап болды (видео)

Опубликовано:

Мейрам Кожухов. Скриншот видеодан алынды
Мейрам Кожухов. Скриншот видеодан алынды: instagram.com/meiram_kozhukhov

Қарағанды қаласы әкімінің міндетін атқарушы Мейрам Кожухов Instagram парақшасында ЖЭО-1 ауданындағы апат орнынан тікелей эфирге шығып, ыңғайсыз жағдайға қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қайырлы күн, құрметті тұрғындар! Бізде магистралды құбырда апат орын алды. Кузовы көтеріліп тұрған жүк көлігі ЖЭО-1 порталын іліп кетті. Қазір біз осындамыз, барлық қызмет көрсету өкілдері де осында. Құбыр тазартылып, оны дәнекерлеу жұмысы басталды. Қала жылыту жүйесінің төменгі режиміне көшірілді. Бірақ бұл көп уақытқа емес", - деп түсіндірді қала әкімінің міндетін атқарушы.

Сонымен қатар, тікелей эфир барысында апат туралы "Қарағанды жылу транзиті" ЖШС директоры Андрей Ляпунов та пікір білдірді.

"Бізде жол-көлік оқиғасы болды. Көлік кузовы көтерілген күйі жүріп келе жатқан. Сөйтіп тігінен тұрған порталмен соқтығысқан. Осылайша құбыр тесіліп, судың ағуы орын алды. Салдарынан жаңа қала тұтынушыларының үйінде жылуды азайта тұруға тура келді. Қазір біз дәнекерлеу жұмыстарын аяқтап жатырмыз. Шамамен 15 минуттан соң бітіріп қаламыз. Бір-бір жарым сағаттан кейін ЖЭО-1-ге қосылған барлық ауданда жылу режимі түзеледі деп ойлаймын", - деді ол.

Бір қызығы, эфир соңында аталған жайтқа наразы болып, балағат сөз айтқан әйел адамның дауысы естіліп қалды.

"Құбырды қалайша осылай тесіп өттіңіздер? Бұл не? Ұят емес пе?", - деді ол.

Мейрам Кожухов бұл дауысқа: "Юлана, бізде қазір тікелей эфир, сіздің осы сөздеріңізді бүкіл ел естіді", - деп ескерту жасады.

Айта кетейік, бүгін Қарағандыда "КамАЗ" кузовы көтерілген күйде ЖЭО-1 ауданында компенсаторға зақым келтіріп, қала орталығы жылудың төмендетілген режиміне көшірілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002592-qaragandy-akimi-zeo-1-audanyndagy-apat-ornynan-tikelei-efirge-sygyp-yngaisyz-zagdaiga-tap-boldy-video/

pixel