Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"АрселорМиттал Теміртау" 1,3 млрд теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді

Опубликовано:

Шахтер каскасы. Көрнекі сурет
Шахтер каскасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ 1,3 млрд теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті ресми Telegram-арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ірі салық төлеушілерге қатысты жүргізіліп жатқан салықтық әкімшілендіру аясында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да аванстық төлемдер сомасын төмендету дерегі анықталған.

"2017 жыл бойынша камералдық мониторинг жүргізу кезінде корпоративтік табыс салығы бойынша нақты есептелген салықтан аванстық төлемдер сомасы төмендетілгені белгілі болды.

Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабының 3-тармағы бойынша 1,3 млрд теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл сомасына әкімшілік материал дайындалды. Материалдар әкімшілік сотқа жіберілді", - дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері.

21 желтоқсанда Қарағанды облыстық соты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қатысты апелляциялық шағымды қараған. Алайда әкімшілік айыппұл бәрібір күшінде қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002611-arselormittal-temirtau-13-mlrd-tenge-koleminde-aiyppul-toleuge-mindetteldi/

pixel