Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тұрғыны жаңа жыл алдында Toyota Camry-ге қалай қол жеткізді

Жарияланған күні:

Жеңімпаз
Фото: АО "Сәтті Жұлдыз"

Жаңа жыл қарсаңында ғажайыптар болады. Бұған 34 жастағы Жан есімді Алматы тұрғынының оқиғасы мысал. Ер адам 21 желтоқсан күні күтпеген жерден Toyota Camry көлігін ұтып алған. Дегенмен, ол мереке алдында болған бұл ғажайыпқа әлі де сене алмай жүр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жаңажылдық сыйлықтарды Аяз Атадан ғана емес, «Сәтті Жұлдыз» лотереясында бақ сынау арқылы да алуға болады.

Жан 2,5 жылдан астам уақыт бойы лотереяға қатысады және 10 мың теңге көлеміндегі кішігірім ұтысқа да ие болып жүрген. Алайда осы жолы оның ұтысы су жаңа Toyota Camry болғаны - Жан үшін күтпеген жаңалық болды.

«Әріптесім қатысып жүргенін көріп, лотерея билеттерін мен де алған едім. Алдымен өзім қатысып көріп, кейін достарыма да қатысуға кеңес бере бастадым. Лотереяға айына шамамен – 5-7 мыңдай жұмсайтын шығармын және бастапқыда лезді лотереяларды алып жүрдім. Ал кейін тиражды – Loto 6/49-ды да алуды жөн көрдім. Ұтыс ұтып жатқан адамдарды көріп, өзіме мен де ұтып қалатын шығармын деп айтатынмын», - дейді Жан.

Loto 6/49-дың алты билетінен құралған «Автокөлік» лотожинағын ол бар болғаны 1800 теңгеге сатып алған екен. Оның ұтысқа үміті бар болғанымен, көлік ұтып алу тіпті түсіне де кірмегенін айтады. Ол «Сәтті Жұлдыз» қызметкерлері хабарласып, өзінің көлік ұтқанын айтқан кезде, бастапқыда бұл жаңалыққа сенбедім дейді.

Сәтті Жұлдыз
Фото: АО "Сәтті Жұлдыз"

«Мен мұны әзіл деп ойладым – себебі достарымның барлығы лотерея ойнайтынымды біледі, солардың әзілі шығар деп қабылдадым. Маған тек эфирдің сілтемесін жолдағанда ғана, оны көріп, ұтыс ұтқанымды түсіндім. Бірақ әлі ешкімге ештеңе айтпадым», - деп еске алады жігіт.

Жан енді үйленуді жоспарлап жүр. Осылайша ер адамның өміріндегі тосын сыйдың соңы жағымды жаңалықтарға ұласуда. 34 жастағы жігіт лотереядан бас тартпайтынын айтады, енді ол мүмкіндігінше «барлық затты» ұтуға ниетті екен.

«Көптеген адам лотереяға қатысуға қорқады, олар оны ақшаны желге шашу деп ойлайды. Десе де тәуекелге бел буу керек деп ойлаймын. Себебі тәуекел етпесең, өмірде де ештеңеге қол жеткізе алмайсың. Енді барлық танысым мен достарым да лотерея билеттерін алады деп ойлаймын», - дейді ол.

Жеңімпаздың шынайы оқиғасын ести отырып, лотерея билеттерін сатып алудан бас тарту мүмкін емес, себебі «Сәтті Жұлдыз» тағы бір автокөлік ойнатып жатыр.

Дәл осындай жаңа Toyota Camry көлігіне 18 жастан асқан кез келген қазақстандық азамат қол жеткізе алады – ол үшін Жан сияқты «Сәтті Жұлдыз» сайтында Loto 6/49 алты билетінің ішінен «Автокөлік» лотонажинағын сатып алу қажет.

Сонымен бірге «Сәтті Жұлдыз» сату орындарында алты лотерея комбинациясы бар билетті де сатып алуға болады. Айта кетерлігі, әр билеттегі комбинация кездейсоқ жолмен құралады.

Сондай-ақ бір қатысушы сатып ала алатын ЛотоЖинақ санына шектеу қойылмаған.

Автокөлік ұтысы Satty Zhuldyz-дың YouTube арнасында 30 желтоқсан күні сағат 22:00-де тікелей эфирде өткізіледі.

Қатысыңыз да, жаңа жылға сыйлық ұтып алыңыз!

TeleBingo лотереясындағы «Жаңа жылдық Тойбастар» науқаны жайлы да ұмытпағандарыңыз абзал. Мерекелік науқанға қатысып 100 мыңнан 500 мыңға дейінгі ұтыстарды ұтуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002731-almaty-turgyny-zana-zyl-aldynda-toyota-camry-ge-qalai-qol-zetkizdi/