Қазақстандық өнертапқыш электр ұшағын өндіретін ірі концернге 5 млрд доллар табыс әкелетін стартап жасады
Жарияланған күні:
Қазақстандық өнертапқыш Санжар Тайжан өзінің TaiSan стартапы Vertical Aerospace компаниясына электр ұшақтарын шығаруға септігін тигізіп жатқанын мәлім етті. Ұшақ өндіруші қазіргі уақытта жалпы құны 5 млрд доллар болатын 1400 тапсырыс алып үлгерген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Өзімнің стартапым туралы үлкен мақтанышпен айтқым келеді - TaiSan осыдан алты ай бұрын қол қойылған әлемдегі ең ірі электр ұшақ өндіруші Vertical Aerospace компаниясымен аккумулятор бөлімдерін әзірлеуді қолдауға арналған алғашқы келісімшарт жасаған болатын. Vertical Aerospace алдын ала 5 млрд долларға 1400 тапсырыс алды, оның ішінде Virgin Atlantic және American Airlines бар", - деп жазды Санжар Тайжан Instagram парақшасында.
Айта кетейік, жас инженер Санжар Тайжан былтыр ағылшын студенттерінен (University of Warwick - Уорик университеті) жасақтаған командасымен бірге әйгілі Илон Масктің компаниясы ұйымдастырған турнирде финалға өткен болатын. Ол вакуумды пойыздар (АҚШ-та Hyperloop) жүруге арналған тоннель ұңғитын бұрғылау технологиясы туралы жобаны ұсынған еді.
Сондай-ақ ол қазақстандық әріптестерімен бірлесіп, электромобиль құрастыру жобасын жүзеге асыруда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002785-qazaqstandyq-onertapqys-elektr-usagyn-ondiretin-iri-koncernge-5-mlrd-dollar-tabys-akeletin-startap-zasady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.