Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның үздік ауыл әкімі белгілі болды

Опубликовано:

"Үздік ауыл әкімі" байқауының жеңімпаздары
"Үздік ауыл әкімі" байқауының жеңімпаздары. Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Қазақстанның үздік ауыл әкімі анықталды. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев республикалық байқаудың жеңімпаздарымен кездесті. Бұл туралы департаменттің ресми сайтында хабарланды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен ауылдық округ әкімдері арасында "Үздік ауыл әкімі" республикалық байқауы өткізілді. Байқау үздік ауыл әкімдерін анықтап, насихаттау мақсатымен ұйымдастырылған.

Белгілі болғандай, байқауға қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен жүзге жуық ауылдық округінің әкімдері өтінім берген.

Байқау өңірлік және республикалық кезең болып екі кезеңмен ұйымдастырылды.

"Өңірлік кезеңге қатысушылар ауылдық жерлерде халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған жобаларды қорғап, экономикалық және әлеуметтік әсері бар ауылды дамыту жөнінде ұсыныстар енгізді. Екінші кезеңде ауыл әкімдерінің проблемалық жағдайлар бойынша ситуациялық кейстерді шешу қабілетіне баға берілді", – делінген хабарламада.

Байқау қорытындысы бойынша Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Нұрсейтов Нұрбақыт Дәулетбекұлы "Үздік ауыл әкімі" атағын иеленді.

Екінші орынды Павлодар облысы Успен ауданы Новопокровск ауылдық округінің әкімі Вячеслав Николаевич Симоненко иеленсе, үшінші орынды Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округінің әкімі Оралбек Әбшанұлы Әбшанов алды.

Сондай-ақ Шығыс-Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округінің әкімі Агланбеков Арыслан Орынбасарович – "Үздік шаруашыл әкім", Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын ауылдық округінің әкімі Муханалиева Зауре Казанбаевна – "Ашық әкім", Солтүстік-Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округінің әкімі Добромирова Гульмира Оразбаевна – "Үздік әлеуметтік жоба" номинацияларының иегерлері атанды.

Ауыл әкімдеріне президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында көшбасшылық, сөз сөйлеу, дағдарыстық коммуникация және т.б. дағдыларын шыңдауға арналған арнайы тренингтер өткізілді.

Байқау жеңімпаздары мен номинация иегерлері Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының құрмет грамотасымен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002797-qazaqstannyn-uzdik-auyl-akimi-belgili-boldy/

pixel