Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда темекі құнының көтерілуі жоспарланған мөлшерден асып түсуі мүмкін

Опубликовано:

Темекі
Темекі. Көрнекі фото: Рixabay.com

Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы жыл сайын көтеріледі. 2023 жылы ерекшелік болмайды, бірақ бұл жолы бағаның өсуі жоспарланған мөлшерден асып түсуі мүмкін. Темекінің ең төменгі құны қаншалықты қымбаттауы мүмкін екенін KAZ.NUR.KZ журналистері анықтады.

Қаржы министрінің "Сүзгіленген және фильтрсіз темекіге, папиросқа, сигариллаға және жылытылатын темекі қосылған өнімдерге ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес Қазақстанда барлық темекі өнімінің бағасы жыл сайын өсіп келеді.

Заңның қолданыстағы редакциясында темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы биыл 1 сәуірден бастап 590 теңге болса, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 630 теңгеге дейін көтерілуі тиіс. Бірақ бұл шекті жоғары қарай қайта қарау туралы шешім қабылданды.

Бұйрықтың жобасын тиісті түзетулерімен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ашық НҚА порталында жариялады.

Оған сәйкес, сүзгісі бар, сүзгісіз 20 темекіге, папиросқа, сигариллаға және жылытылатын темекі бар өнімдерге ең төменгі бөлшек сауда бағасын 650 теңге көлемінде бекіту ұсынылған.

Бұл бір қорап темекіге қойылған нақты құн емес, рұқсат етілген ең төменгі баға екенін ескеріңіз. Басқаша айтқанда, темекі қымбаттамаса, арзандамайды.

Жоба авторлары түсіндіргендей, ең төменгі бағаның көтерілуі ел тұрғындарының темекіні тарату мен тұтынуын азайтуға бағытталған. Алайда, бұл іс жүзінде әрдайым жұмыс істей бермейді.

Статистика көрсеткендей, көптеген қазақстандықтар қымбаттаған темекіні тастаудың орнына, артық ақша төлеуден бас тартпаған. Бір жыл ішінде халықтың темекі өнімдеріне жұмсалған орташа шығыны 9,8 пайызға өскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002826-qazaqstanda-temeki-quny-zosparlangannan-da-qymbattauy-mumkin/