Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалыс күндері ел тұрғындарын қандай ауа райы күтеді

Опубликовано:

Шырша
Шырша. Көрнекі фото: Рexels.com

Қазақстандық синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Кей өңірлерде күн суытса, кей жерлерде жауын-шашын болуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайты.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігі жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Атлантикалық циклонның әсерімен тек еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде қар жауып, бұрқасын болады және жел күшейеді.

Ал 24 желтоқсанда күндіз республиканың солтүстігінде көктайғақ болады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман болады дейді мамандар.

Ауа температурасы түнде:

  • батыста 3-8 градус аяздан 8-13 градус аязға дейін төмендейді,
  • ал солтүстік, солтүстік-батыс және орталықта термометр бағаны 5-13 градус аяздан 10-25 аязға дейін төмен түседі,
  • шығыста 15-23 градус аяздан 10-18 градус аязға дейін ауытқиды,
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыста 5-25 градус аяздан 0-15 градусқа дейін біртіндеп жоғарылайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002832-demalys-kunderi-el-turgyndaryn-qandai-aua-raiy-kutedi/

pixel