Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында "Борышкер" іс шарасы жүргізілуде

Жарияланған күні:

1
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының ұйымдастыруымен  облыс көлемінде «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Негізгі мақсат - әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды бақылау, олардың уақтылы орындауын жандандыру.

Облыс жолдарында борышкерлер мен жол ережесін қасақана бұзушыларды анықтау бойынша полиция және сот орындаушыларынан 60-тан астам мобильдік топ жұмылдырылды.

Тәртіп сақшылары "Автоураган" жылжымалы кешені мен "Қорғау" жүйесі арқылы 350 мың теңгеге жуық төленбеген әкімшілік айыппұлы бар  облыс тұрғынының "Равон" маркалы автокөлігін анықтады. Полиция борышкердің көлігін айыптұраққа орналастырды. 

2
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жалпы "Борышкер" шарасы кезінде полицейлер 2500-ден астам әкімшілік хаттама толтырды. Борышкер жүргізушілердің 112 автокөлігі айыптұраққа қойылды. Бюджетке 9,5 миллион теңгеге жуық айыппұл өндірілді. Борышкерлердің жұмыс орны бойынша 113 ұйғарым, ал сот орындаушыларына 936 қаулы жіберілді.

3
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін бұзбауға және салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеуге шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002855-turkistan-oblysynda-borysker-is-sarasy-zurgizilude/