Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда мас ер адам әйелі мен баласы тұрған үйді өртеп жіберді деген күдікке ілінді

Опубликовано:

күдікті
Көрнекі фото: sputnik.kz

Атырау қалалық полициясына жергілікті тұрғын күйеуінің үйге баса-көктеп кіріп кеткенін айтып, арызданған. Айтылған мекен-жайға келген полиция қызметкерлері үйден түтін шығып жатқанын, ер адамның қашып кеткенін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz сайтының Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасы.

Полицияның хабарлауынша, 22 желтоқсан күні кешкі уақыт 21:12 шамасында "102" арнасына 1992 жылғы азаматшадан қоңырау түскен. Ол жолдасы мас күйінде үйдің есігін бұзып кіріп, үшкір затпен қорқытып жатқаны жөнінде айтқан.

Аталған мекен-жайға дереу жеткен Батыс-58 экипажы үйдің ішінен түтін шығып жатқанын байқап, жедел түрде әрекет етумен үйдегі әйелді және оның 4 жастағы баласын қауіпсіз жерге шығарып, өртті ауыздықтайды.

Құқық қорғау мамандарының айтуынша, мас күйде келіп, әйелін қорқытып, үйді өртке ораған ер азамат жанжал үстінде полиция қызметкерлері келгенше оқиға орнынан қашып кеткен.

"Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 1992 жылы туған азаматша мен оның 4 жастағы қызын "Аналар үйіне" орналастырып, ер азаматқа қатысты жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуде", – делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002873-atyrauda-mas-er-adam-aieli-men-balasy-turgan-uidi-ortep-ziberdi-degen-kudikke-ilindi/

pixel