Қазақстан мегаполистерінің бірінде күн 6 градусқа дейін жылынады
Опубликовано:

Синоптиктер сенбі, 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мегаполистердің бірінде күн жылы болады. Ақпарат "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған.
24 желтоқсанда Астанада қар жауады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз: -4...-6 градус. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, ал түнде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматыда сенбі күні жауын-шашын болмайды, бірақ көшпелі бұлт шығады. Күндіз ауа температурасы -2...-4 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 0-5 метр.
Шымкентте синоптиктердің болжамынша, бүгін күндіз +4...+6 градусқа дейін жылынады. Сондай-ақ көшпелі бұлт шығады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002882-qazaqstan-megapolisterinin-birinde-6-gradusqa-deiin-zylynady/