Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құпия Сантадан ғана күтпеңіз: Жаңа жылда көп ақша жұмсамай өзіңізге қалай сыйлық алуға болады

Опубликовано:

Құпия Санта
Фото: freepik.com, автор: @teksomolika

Барлығымыз сыйлық алғанды ұнатамыз және егер әлдебіреу сізге "олай емес" десе, сенбеңіз. Әлбетте, сыйлық сыйлау да жанды қуанышқа бөлейді. Десе де, Жаңа жыл қарсаңында міндетті түрде өзіміз де сыйлық алатындай болу үшін не істеу керек? Бақытты сәттерді әркім өзіне-өзі жасай алатынын ұмытпаған жөн, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кету керек, нұсқа аз емес. Достарыңыз, туғандарыңыз, әріптестеріңіз бен серіктестеріңіз көп адам болсаңыз, уайымдаудың қажеті жоқ. Олардың бірі болмаса бірі сізге сыйлық сыйлайтыны анық. Ал егер көп сыйлық алғыңыз келсе ше?

Өзіңізге сый жасаңыз

Әлемдегі барлық дерлік психолог маман мен коуч бізге үнемі "өзіңді қуантып отыр" деген кеңес береді. Тіпті жаңажылдық шыршаның астында бірнеше сыйлық тұрса да, өзіңізге өзіңіз жасаған сый ерекше әсер береді, себебі сіз жаныңыз қалап тұрған дүниені жақсы білесіз.

Бұл әлбетте үлкен артықшылық, бірақ мұның екінші тұсы да бар. Бұны сыйлық деп емес, жағымды сатып алу деу керек. Сонда да бұл тәсілдің артықтығы жоқ. Сатып алған затыңызды әдемі қорапқа салып, тіпті сыртына құттықтау тілек жазып, шыршаның астына қойсаңыз болады. Ал уақыты келгенде қорапты ашып, осы сәттен ләззат алыңыз.

Құпия Санта ойынын ойнаңыз

Мойындау керек, сый алу үшін өзіңіз де сыйлық жасай білуіңіз керек. Неғұрлым көп адамды қуантсаңыз, соғұрлым сізге сыйлық сыйлауы мүмкін жандардың саны да арта түседі. Бәріне танымал "Құпия Санта" ойыны да дәл осы қағидаға сүйене отырып ойластырылған. Бұл ойынды кеңседе де, үйде де, кез келген ұжымда да ойнауға болады.

Ойын ережелері қарапайым – барлық қатысушының есімін қағазға жазып, мини-лотерея ұйымдастыру керек. Қатысушы қапшықтан алған қағазда кімнің есімі жазылса, соған сыйлық береді.

"Әр сыйлықтың құны әр түрлі болғандықтан, кейіннен қатысушылар қанша сомаға сыйлық алатынын алдын ала келісіп алатын болған. Ал кейбіреулер сыйлыққа не алғысы келетінін, тіпті ол сыйлықты қай интернет-дүкеннен табуға болатынын жазып, сілтемесін де қалдыруды әдетке айналдырған".

Бұл әлбетте тосынсый болмай қалуы мүмкін, бірақ көңіл-күйдің түсуіне себеп болмайтыны анық. Бұның бір кемшілігі – артық шығын.

Дүкендер беретін сыйлықтар

Жаңа жыл қарсаңында көптеген дүкен жаппай сатылымдар ұйымдастырып, өз клиенттеріне сыйлықтар сыйлайды. Мәселен, белгілі бір сомаға қандай да бір зат сатып алып, бонус ретінде жағымды зат сыйға алуыңыз мүмкін. Ол аксессуар, шоколад немесе көзге көрінерлік зат болуы ықтимал.

Әрине, мұндай тәсілмен сыйлық алу үшін тер төгу қажет болады, ондай дүкенді іздеп табу, олардағы науқандар мен жеңілдіктерді аңдып жүру керек. Одан соң міндетті түрде бір зат сатып алу қажет болады. Дегенмен онсыз да зат сатып алуға оқталып жүрген болсаңыз, бұл сізге қиындық тудырмасы анық.

Лотерея ұтып алу

Сіздерге тағы бір құпияның шетін шығарайық – бұл сыйлық алудың ең қарапайым, жеңіл және жағымды түрі. Кететін шығын аз емес, ал ұтыс өте қомақты болуы әбден мүмкін. Мәселен, "Сәтті Жұлдыз" "Жаңажылдық Тойбастар" науқанын жариялады. Оның аясында 500 мың теңгеге дейін ұтып алуға болады!

Жай ғана уақытты жақсы өткізгеніңіз үшін жарты миллион теңге алу мүмкін бе? Иә, мүмкін. Бұл үшін sz.kz сайтынан 5 TeleBingo немесе "Пәтер" ЛотоЖинағын сатып алып, Satty Zhuldyz YouTube-каналының немесе "31 арна" телеарнасының тікелей эфирінде ұтысты тамашалау қажет.

Құпия Санта
Фото: Satty Zhuldyz

Ұтыс 25 желтоқсан күні сағат таңғы 9.00-де өтеді. Дәл осы уақытта сіз 200 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі сомадағы сыйлық иесі атануыңыз мүмкін. Ал бұдан бөлек, әр қазақстандықтың қазіргі таңда көлемі 275 749 747 теңгеге жеткен SuperBingo ұтып алуға мүмкіндігі бар.

Бастысы, бір қатысушыға арналған билеттер саны шектеусіз!

Сыйлық тек қана шыршаның астында емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002898-qupiya-santadan-gana-kutpeniz-zana-zylda-kop-aqsa-zumsamai-ozinizge-qalai-syilyq-aluga-bolady/