Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гранатаны жарып жіберемін": павлодарлық полицейлер 47 жастағы ер адамды ұстады

Опубликовано:

Павлодарда гранатамен ұсталған ер адам
Ұсталған ер адам. Фото: Т.me/POLICE_of_KZ

Павлодарда отбасылық жанжал кезінде гранатаны жарып жіберемін деп айқайлаған ер адамды полиция қызметкерлері сабырға шақырып, гранатаны залалсыздандырды, деп хабарлайды Polisia.kz сайтының ресми Telegram-арнасы.

Полицияның хабарлауынша, қазіргі уақытта саперлер жарылғыш затты тексеріп жатыр.

"Сағат 11:30-да қалалық полицияға отбасылық жанжал туралы қоңырау түсті. Пәтерде мас адам ұрыс шығарып, гранатаны жарып жіберемін деп айқайлаған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оны сабырға шақырып, сөйлесе бастайды. Осы сәтті пайдаланған полицейлердің бірі гранатаны ер адамның қолынан жұлып алып, оны залалсыздандырды", – делінген ресми хабарламада.

Құқық қорғау өкілдері барлық арнайы қызметтер оқиға туралы хабардар етілгенін мәлімдеді. Үй тұрғындарын эвакуациялау жүргізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002902-granatany-zaryp-ziberemin-pavlodarlyq-policeiler-47-zastagy-er-adamdy-ustady/

pixel