Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда 15 баланың өліміне себеп болуы мүмкін препарат Қазақстанда тіркелмеген

Опубликовано:

Дәрілер
Дәрі-дәрмек. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өзбекстанда 15 баланың өліміне себеп болуы мүмкін деген дәрі Қазақстанда тіркелмеген. Сонымен қатар, бұл препарат елімізде сатылмайды. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпарат агенттігінің айтуынша, Өзбекстан тұмау мен суық тиюге қарсы үнділік "Док-1 макс" препаратын сатуға уақытша тыйым салған.

БАҚ-та аталған дәрі Самарқан облысында қайтыс болған 15 баланың өліміне себеп болуы мүмкін деген ақпарат тарады.

Ведомствоның мәліметінше, үнділік "ДОК-1 МАКС" препаратын Marion Biotech Pvt. Ltd компаниясы өндіріп жатыр.

Елімізде оның тіркелген мерзімі 2018 жылы өтіп кеткен.

"Қазіргі кезде елімізде тіркелмеген. Оның құрамында 500 мг парацетамол, 200 мг гвайфенезин және 10 мг фенилэфрин гидрохлориді бар", – делінген еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.

Министрлік ақпаратына қарағанда, парацетамолдың салдарынан препарат бүйрек функциясының бұзылуы түрінде жанама әсер береді.

Сондықтан бұл дәріні нұсқауда көрсеткен дозада ғана пайдалану керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002921-ozbekstanda-15-balanyn-olimine-sebep-boluy-mumkin-preparat-qazaqstanda-tirkelmegen/

pixel