Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда үш күннен бері із-түзсіз жоғалған 21 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

Полиция қызметкері телефон арқылы сөйлесуде
Көрнекі сурет: Владимир Третьяков/NUR.KZ

Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт үш күннен бері іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлады.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 21 жастағы Фархат Кәкимуллиев 21 желтоқсан күні шамамен сағат 22.00-де Деркөл кенті Б.Майлин көшесі 15-мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.

Содан үйіне оралмаған, жұмыс істемейді. Туыстары 24 желтоқсанға қараған түні полицияға арыз түсірген.

Белгілері – бойы 165-170 см, арықша келген. Үстіне қара пальто, қара баскиім (фуражка), сұр джинсы, аяғына қара түсті бәтеңке киген. Өзінде 8-706-820-20-01 нөмірлі ұялы телефоны болған.

"Көрген-білген адамдар болса, 102, 8-711-2-98-45-30 телефонына қоңырау шала алады", деп хабарлады ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002926-oralda-us-kunnen-beri-iz-tuzsiz-zogalgan-21-zastagy-zigit-izdestirilip-zatyr/

pixel