Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға белгілі көз дәрігері 63 жасында өмірден өтті

Опубликовано:

Серік Жұмабаев
Серік Жұмабаев. Фото: instagram/zdravo.kst

Қазақстан денсаулық сақтау үздігі Серік Жұмабаев 63 жасында көз жұмды. Бұл туралы Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Серік Жұмабаев еліміздегі ең мықты деген көз дәрігерлерінің қатарында болған. Ол 30 жылдан аса уақыт бойы көз аурулары бөлімін басқарып, Қостанай облысында лазерлік хирургия мен көз ауруларын емдеуге арналған жаңаша технологияларды қолданысқа енгізді.

Сондай-ақ Серік Ембергенұлы офтальмохирург дәрігерлердің бірнеше буынын тәрбиелеп шығарған.

"Денсаулық сақтау басқармасы мен барлық медициналық қауымдастық атынан Серік Ембергенұлының отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Жақсы дос, әріптес және нағыз маман біздің мәңгі есімізде", - деді Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Серік Жұмабаев Торғай облысына қарасты Амангелді ауданында дүниеге келген. Ол Қазақстандағы ең үздік офтальмохирург дәрігерлердің бірі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002944-qazaqstanga-belgili-koz-darigeri-63-zasynda-omirden-otti/

pixel