Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шырша астындағы тосынсый: 2023 жаңа жылға жақын адамдарыңызға не сыйлауға болады

Жарияланған күні:

Сыйлық
Фото: shutterstock

Jusan Аяз атасы 12 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін 24 айға дейін пайызсыз бөліп төлеу мүмкіндігін сыйлайды! Ғажайыптар мұнымен бітпейді: 50 мың теңгеге дейін тауар сатып алған жанға 15% бонус беріледі!

Жылдың соңында уақыт тез жылжиды. Қыстың басталғанына көп бола қойған жоқ, алайда Жаңа жыл жақындап қалды, сыйлық алуға уақыт шектеулі. Бірақ басты мәселе бұл емес – көпшілігін биыл жақындарымызды қалай қуантуға болатынына қатысты идеяның жоқтығы толғандырады.

Осы ретте біз сізге көмек ретінде өзіңізге қымбат жандар үшін сыйлық жасаудың бірнеше нұсқасын ұсынамыз.

Балаларға

Балаларға не сыйласаңыз да, алғыс айтады. Олар заттың құнына, брендіне немесе пайдасына мән бермейді - олар бәріне риза. Бірақ егер сіз ұлыңыздың шкафы ойыншық көлікке толы екенін, ал қызыңызда қуыршақтардың түр-түрі бар екенін білсеңіз, басқа да ойыншықтарға назар аударуыңыз қажет болады.

Жасы кіші балаларға магнитті планшет міндетті түрде ұнайды. Онда металл корпустағы шарлар мен магнитті қалам арқасында қолдың қозғалысына сай сурет пайда болады. Пайдалануға ыңғайлы үлгілері бар.

Жасы үлкендеу балалар қашықтан басқарылатын ойыншықтарға қызығушылық танытады және егер бұл шынымен де бөлме ішінде ұшыруға болатын радиобасқару қондырғысы бар тікұшақ болса, онда сыйлығыңызға «5» деген баға беріледі.

Кішкентай ханшайымдарға үй құрастыруға арналған Лего ұнауға тиіс. Ал болашақ химиктер үшін нағыз кристал өсіруге арналған жинақ сыйлауға болады. Тәттілерді де сыйлыққа қосуды ұмытпаңыз, ол кез келген мерекеде болуы керек.

Аналарға, әпке-сіңлі, қарындас, жұбайларға

Әрине, барлық қыз-келіншек, қай жаста болса да, қыздарға арналған заттарды - косметика, әшекей бұйымдар - қымбат және жоғары сапалы зергерлік бұйымдар, аксессуарлар немесе парфюмерияны жақсы көреді. Бірақ егер сіз әйелдің қандай брендті немесе жұпар иісті жақсы көретінін нақты білмесеңіз, бұл заттарды сыйламағаныңыз жөн.

Дезодорант, сусабын немесе гель сияқты сыйлық бермеңіз. Сондай-ақ келе жатқан жылдың символы ретіндегі кәдесыйларды да сатып алудың керегі жоқ.

Ең ұтымдысы - сұлулық гаджеттері, мысалы, шаш кептіргіш, стайлер, бұйралағыш немесе шаш үтігі. көптеген қыз-келіншектің арманы - көптеген қосымша қондырғысы бар танымал Dyson. Әпке-сіңліңіз, қарындасыңыз, сүйіктіңіз немесе жарыңыз шырша астынан осындай жиынтықты тапса қуанышты болар еді.

Ал анаңызға жұмыстан шаршап келгенде аяқ немесе мойын аймағына толық релакс сыйлайтын массажер сыйлаған дұрыс. Тағы бір ұтымды нұсқа - пәтерді өзі тазалайтын робот шаңсорғыш.

Күйеу, әке, ағаларға

Ұстара, қырынуға арналған көбік және душ гелі туралы есіңізге де алмаңыз - бұл ескі идея ғана емес, ұсынуға ыңғайсыз сыйлық. Ерлерге өз қызығушылығына сай сыйлық берген дұрыс. Мысалы, спортзалға үнемі баратындар үшін - спорттық тамақ.

Балық аулауды ұнататын әуесқойларға - спиннинг немесе қармақ; үйді жөндеуге көп көңіл бөлетіндер немесе бәрін өз қолымен жасауды қалайтындар үшін әрине, электр құралдары санатынан бірдеңе таба аласыз. Ал демалыс сайын тауды бағындыруға дайын экстремалдарға жаңа сноуборд сыйласаңыз қуанып қалады.

Барлығына бірдей қарапайым және қолайлы сыйлық жасағыңыз келсе, үш түрлі басы бар және саяхатқа арналған қапшығы бар Xiaomi электрлік тіс щеткасын таңдаңыз.

Әріптестерге

Әдетте әріптестерге жасалатын сыйлық кәдесый ретінде таңдалады. Ол көп пайда әкелмеуі мүмкін, бірақ сонымен бірге сыйлық өзіңізге жағымды және әріптесіңізге сізді еске түсіріп тұруы керек.

Шай мен тәттілердің ерекше түрі мен сұрыпы, жеміс-жидек себеттері, кеңсеге арналған жиынтық, термо саптаяқ және түскі ас салуға арналған ыдыс сыйлау оңтайлы.

Тағы бір ерекше және ностальгиялық сыйлық - «2000 жылдарға оралу» жиынтығы, оған танымал сағыз, тез дайындалатын сусындар және иілгіш қарындаш кіреді.

Сыйлықты қайдан іздеу керек?

Жаңа жыл алдындағы күндер - ең қарбалас уақыт, сондықтан біз адамдар үшін сыйлықтарды тез, ыңғайлы және ең бастысы тиімді сатып алу маңызды екеніне сенімдіміз. Сол үшін сыйлықты маркетплейстерде сатып алған жөн. Мысалы, Jusan Store дүкенінде 2000-нан астам серіктестің 3500 санат бойынша 800 000 өнімі бар.

Jusan Bank
Фото: Jusan Bank

Тауарды 24 айға пайызсыз және бастапқы төлемсіз бөліп төлеуге болады. Ал құны 50 мың теңгеге дейінгі әрбір өнім үшін 15% жоғары бонус күтіп тұр. Сіз Jusan Дүкенде таңдаған өнімнің бағасының 100% дейін бонус арқылы төлей аласыз.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003035-syrsa-astyndagy-tosynsyi-2023-zana-zylga-zaqyn-adamdarynyzga-ne-syilauga-bolady/