Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстан облысындағы бір ғана отбасы тұратын ауыл туралы не білеміз (видео)

Опубликовано:

БҚО Кожевниково ауылы
БҚО Кожевниково ауылы. Видеодан кадр: 24.kz

Батыс Қазақстан облысында 49 елдімекенге ауыл мәртебесіне сәйкес келмейтіндіктен жойылу қаупі төніп тұр. Себебі ондағы тұрғындар саны 50 адамнан аз, деп хабарлайды Хабар 24 арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Соңғы 10 жылда Батыс Қазақстан облысында 60 елдімекен таратылды. Ауыл мәртебесіне ай келмейтін ауылдардың бірі - Бәйтерек ауданындағы Кожевниково ауылы. Онда қазіргі таңда бір ғана отбасы қалған.

Бұл жерде бұрын 150-ге жуық шаңырақ болған дейді қариялар. Бірақ уақыт өте елдімекен қаңырап бос қалған. Тұрғындар дені көшіп кеткен. Үйлерін бұзып тастағандар да бар.

Ауылдың жалғыз тұрғыны – Агафоновтар отбасы. Қираған үйлердің арасынан олардың баспанасын табу қиын болған жоқ.

Виктор Агафонов 68 жаста. Ол Кожевниковода туып-өскен. Шаруашылықта тракторшы болып жұмыс істеген. Мұнда ол отбасын құрып, балаларын тәрбиелепті. Ұлдары қазір жергілікті шаруа қожалықтарында жұмыс істейді. Әйелі екі жыл бұрын қайтыс болған. Содан бері үй шаруасы ер адамның мойнында.

Айтуынша, су алу үшін күнде құдыққа барады.

"Ауыл үлкен еді. Клуб та, мектеп те бар еді. Мектеп жабылып, жастар кете бастады. Совхоз құлаған кезде Ждановқа көп қариялар көшіп кетті", – дейді Виктор Агафонов.

Ол туып өскен жерін қимағандықтан, кете алмағанын айтады.

"Әкем соғыс ардагері. Ол "мен осында тудым, осында өлемін" деп айтатын. Мен де сөйтемін. Көшуге болады, бірақ қайда? Ақшам да жоқ. Бұл үйді менен кім сатып алады?" – дейді зейнеткер.

Қыста ең қиыны отын қорын жинау, ал жолдар тазаланбайды. Дегенмен, сіз мұнда жылдың басқа мезгілдерінде де жете алмайсыз. Басқа елдімекендермен хабар алмасып отырудың жалғыз тәсілі – бұл стационарлық телефон. Үш жылдың ішінде жағдай өзгермесе, ауыл жойылады.

Халық саны 50-ден аспайтын тағы 49 елдімекенді де дәл осындай тағдыр күтіп тұр.

"Үш жылдан кейін ауданның жергілікті атқарушы органдары талапқа сай емес ауылдарды жою немесе кеңейту, әкімшілік бағыныстылығын өзгерту, ірілендіру туралы шешім қабылдауы керек не 50-ден аз адам тұратын елдімекендерде халық санын көбейту шараларын қабылдауы керек, – деп түсіндірді БҚО стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Райса Еркеғалиева.

Ведомствоның мәліметінше, ауыл тұрғындары табыстың аздығынан немесе тұрақты жұмыстың жоқтығынан туған жерін тастап, үдере көшуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003036-batys-qazaqstandagy-bir-gana-otbasy-turatyn-auyl-turaly-ne-bilemiz-video/

pixel