Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар Қазақстанда коммуналдық қызметтер құны қымбаттауы мүмкін екенін ескертті

Опубликовано:

Әйел адам ақша есептеп отыр
Ақша. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Коммуналдық қызметтер құны көптеген факторға байланысты бекітіледі. Әзірге Қазақстанда олардың бағасының айтарлықтай өсуі байқалмайды, бірақ көп ұзамай бәрі өзгеруі мүмкін. Мұндай болжамды Finprom сарапшылары ұсынып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгінгі таңда еліміздегі инфляция деңгейі 19,6 пайызды құрап отырғанымен Қазақстанда бір жыл ішінде ақылы қызметтер құны 14,1 пайызға ғана өскен.

Оның үстіне егер тек "коммуналдық саланы" есепке алатын болсақ, онда газ бағасы мүлде өзгерген жоқ, жылу бар болғаны 1,1 пайызға, суық су 1,2 пайызға, кәріз жүйесінің қызметі 2,9 пайызға ғана қымбаттаған.

Бәрінен бұрын электр энергиясының бағасы бір жыл ішінде бірден 8,1 пайызға артқан. Алайда бұл көрсеткіштің өзі елдегі жалпы инфляция деңгейінен екі еседен астам көрсеткішке төмен.

Дегенмен алдағы уақытта коммуналдық қызметтер бағасы тез көтеріле бастауы әбден мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, инженерлік инфрақұрылымның тозуы мен инфляция деңгейінің жоғары болып тұрғанын ескерсек, тарифтердің құны өседі деп топшылауға болады.

Өйткені, коммуналдық қызметтердің құнына көптеген фактор әсер етеді. Олардың кейбірі реттеледі және белгілі бір жағдайларда оларға әсер етуге болады. Алайда уәкілетті органдар қанша тырысып баққанымен, кей фактор бағаның өсуіне түрткі болуы мүмкін.

Мәселен, реттелмейтін факторлардың ішінде сарапшылар барлық логистикалық процесс құнының өскенін ерекше атап өтті.

Егер бұған дейін коронавирустық пандемия әлемді дүр сілкіндіріп, алдарынан бұл жайт жеткізілім тізбегін бұзса, артынша жаһандық геосаяси дағдарыс басталып, жағдай ушыға түскен.

Бұрын Қазақстанға техникалар, машиналар, жабдықтар, аппаратуралар, құрал-саймандар, қосалқы бөлшектер мен шығын материалдары Ресей арқылы жеткізілетін. Бірақ қазір бұл бағыт қолжетімді емес және барлығын тікелей өндірушілерден жеткізуге тура келеді. Сондай-ақ тауарлар қазір тек Еуропа елдерінен ғана емес, сонымен қатар, мысалы, Жапониядан немесе Кореядан тікелей жеткізіледі. Бұл бағаның айтарлықтай өсуіне әкеледі.

Сондай-ақ бағаның өсуіне валюта бағамы әсер етуі мүмкін. Егер бір жыл бұрын доллар 432 теңгені құраса, қазір еліміздің Ұлттық банкі белгілеген америкалық валютаның ресми бағамы 461,97 теңгені, ал биыл көктемде бір доллар үшін баға 510 теңгеге дейін өскен болатын.

Алайда теңге басқа валюталарға, оның ішінде еуро мен ресей рубліне қатысты да әлсіреді, бұл ресейлік жеткізушілермен жұмыс істейтін компанияларға соққы боп тиді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003044-sarapsylar-qazaqstanda-kommunaldyq-qyzmetter-quny-qymbattauy-mumkin-ekenin-eskertti/

pixel