Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Боранбаев пен өзге де тұлғаларға қатысты ісі сотқа жолданды

Опубликовано:

Қайрат Боранбаев
Қайрат Боранбаев. Фото: Оlympic.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа, сондай-ақ "Qazaq Gaz" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы агенттік өзінің ресми Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, күдіктілерге сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге жымқыру және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айып тағылған.

"2022 жылдың 23 желтоқсанында Бас прокуратура істі соттың қарауына жіберді. Ұлттық компанияға келтірілген залал "Qazaq Gaz" АҚ шоттарына аудару арқылы толық көлемде өтелді.

Аяқталған іс шеңберінде азаматтық талап қою және мүлікті тәркілеу бөлігінде үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында айыпталушылардың 38 млрд теңге сомасындағы ақшалай қаражатына, 15 жылжымайтын мүлік объектісіне, 3 автокөлік құралына тыйым салынды", - деп хабардар етті Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар агенттік Қайрат Боранбаевқа және басқа да азаматтарға қатысты газ экспорты кезінде ұрлау және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері бойынша бөлінген істер шеңберінде сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003071-qairat-boranbaaevtyn-isi-sotqa-zoldandy/

pixel