Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Қазақстанды биікке шығаратын IT саласы»: Тәжірибелі IT мамандары ауыл балаларына бағдарламалауды үйретуде

Опубликовано:

Кездесу
Фото: Jusan Bank

Қазіргі цифрлық технологиялар дәуірінде IT жоғары табыс табу мен әлемнің кез келген нүктесінде жұмыс істеу мүмкіндігін ашатын мамандыққа айналған. Сондықтан жастардың бұл салаға бет бұруы да таңғаларлық жайт емес. Бағдарламалауға деген ауыл жастарының да қызығушылығын ашу мақсатында Jusan «Auyl Go» жобасын жүзеге асырып отыр. Аталмыш жоба аясында тәжірибелі IT мамандары ауыл балаларын жинап, оларға бағдарламалаудың негіздері бойынша тегін шеберлік сағаттарын өткізуде.

Қазірдің өзінде ұйымдастырушылар екі бірдей ауыл балаларына тегін шеберлік сағаттарын ұйымдастырып үлгерген. Алғашқысы Алматы облысындағы Қарасаз ауылында ұйымдастырылса, жақында екінші рет тәлімгерлер Тараз маңындағы Талапты ауылына барып қайтты.

«Қазір жобаның жүзеге асырылуына 15 адам атсалысады. Қарасазда біз 17 балаға тәлімгерлік етсек, ал Талаптыда 11 жеткіншекті оқыттық. Олардың барлығы бағдарламалаудың бастапқы курсынан өткені туралы сертификатқа ие болды», - дейді жоба бастамашысы Абзал Қожахмет.

Жастар
Фото: Jusan Bank

Абзал Jusan Business бөлімінде фронтенд құрастырушы болып қызмет атқарады. 23 жастағы маман негізгі жұмысынан тыс, бағдарламалау шетелдік мектепте бағдарламалау бойынша сабақ береді. Дегенмен ол мұнымен шектелгісі келмегенін айтады.

«Уақыт жағынан үлгермегендіктен көп адамды оқыта алмаймын, бір мезетте ары кетсе тек 10 адамға ғана тәлімгерлік етуіме тура келеді. Бірақ мұнымен шектелгім келмеді. Қазақстанды IT державаға айналдыру туралы арманыма жеткім келді. Осы тұста бір күні Jusan қолдау білдірген «Кел, балалар, оқылық» жобасы жайлы естідім. Маған аталмыш жобаның мәні ұнады. Бұл жоба бойынша ауыл балалары тегін түрде операторлық, актерлік және режиссерлік өнерді меңгеріп, соның нәтижесінде бейнебаян түсірген болатын. Риясыз көңілмен өткізілген осы бір жоба маған шабыт сыйлады. Әріптесіме балаларды тегін түрде бағдарламалауға үйрету жайлы ұсыныс білдірдім. Жобаны Auyl.go деп атап, іске кірісіп кеттік», - дейді Абзал.

Жастар
Фото: Jusan Bank

Маман бұл бастама кейіннен тұтас Jusan тарапынан қолдау тапқанын айтып ағынан жарылды.

«Алғашқы ауылға барарда әріптестеріміз бе достарымыз қаржылай жағынан жәрдемдескен еді. Себебі біз үшін бірінші кезекте ауылға жету маңызды болатын. Кейіннен бұл жоба жайлы басшылық естіп, бізге қолдау көрсетті. Себебі бұл бастамамыз Jusan-ның «Әрбіріңізге сенеміз» деген ұстанымымен тұспа-тұс келді. Жоба тек банк тарапына ғана емес, мектеп басшылығының көңілінен шықты. Өз тарапынан олар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Өйткені кей балалардың үйінде интернет немесе ноутбук, компьютерлері жоқ еді», - дейді Абзал.

Жастар
Фото: Jusan Bank

Осы орайда ол ауыл жастары үшін мүмкіндіктер аз екенін атап өтті. Ал елімізді дамыту үшін оларға жағдай жасау қажет, дейді тәлімгер.

«Негізігі идея – ауыл балаларын бағдарламалауға баулу болды. Себебі баршамызға белгілі олардың көп мүмкіндікке қолдары жете бермейді. Мысалы, IT жайлы әлі де болса бастапқы түсініктері жоқ адамдар да баршылық. Меніңше, Қазақстанды биікке шығаратын да осы IT саласы. Сондықтан бұл мамандықтың елімізде өріс алуына жағдай жасауымыз қажет. Өз басым жеткіншектер мамандық таңдағанда IT мен бағдарламалаудың не екенін түсінгенін қаладым. Егер қандай да бір түсінік пен қызығушылық болса, онда әрі қарай YouTube-тен видеосабақ көрсе де, өздері үйреніп алады», - дейді IT маманы.

Жастар
Фото: Jusan Bank

Оның айтуынша, тек теориядан ғана бөлек, екі күнге созылатын интенсив соңында балалар тәжірибе жүзінде не үйренгенін көрсетуі қажет. Мәселен, дәрісті аяқтаған соң олар ауылдың сайтын жасайды екен.

«Біз шеберлік сағаттары барысында бағдарламалау негіздерін, сайтты қалай құрастыру керегін, қалай код жазатынын үйренеді. Шеберлік сағаттары аяқталған соң олар өз бетінше ары қарай дайындалуы үшін болатын әдістемелер мен кітаптар сыйға тарттық. Алдағы уақытта балалармен ZOOM арқылы байланысқа шығып, құрастырған сайттарын әрі қарай дамыту бойынша кеңес бермекпіз», - дейді Абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003077-qazaqstandy-biikke-sygaratyn-it-salasy-taziribeli-it-mamandary-auyl-balalaryna-bagdarlamalaudy-uiretude/

pixel