Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық экономика министрі Гарвардқа оқуға түсcе де, оған бара алмай қалғанын айтты

Опубликовано:

Әлібек Қуантыров
Әлібек Қуантыров. Фото: primeminister.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сенат кулуарында Жаңа жылды тойлауға қатысты отбасылық дәстүрін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қуантыровтың сөзінше, Жаңа жылға ол үшін ең құнды сыйлық – автордың қолтаңбасы бар кітап.

"Классика жанры оның ішінде авторы дүниеден өтіп кеткен кітаптар да қызық. Егер кітапта автордың қолтаңбасы болса, тіпті жақсы болар еді", – дейді Ұлттық экономика министрі.

Әлібек Қуантыров сондай-ақ, Жаңа жыл қарсаңындағы отбасылық дәстүрлер туралы да айтып берді. Солардың бірі - қалаған тілекті параққа жазып, оны топырағы бар ыдысқа көму, ал келесі жылы қайтып алу.

Осы орайда, журналистер ведомство басшысынан "министр болуды армандадыңыз ба" деген сұрақ қойды.

"Министр болуды армандағаным жоқ, десе де басқа армандарым орындалды. Мысалы, мен Гарвардқа түсуді қаладым, мен оған түстім, бірақ бара алмадым. Себебі, биыл мені қызметке тағайындады, ал негізі оқуға кетуім керек болған", – дейді Әлібек Қуантыров.

Сондай-ақ министр биыл Жаңа жылды отбасымен бірге, Астанада қарсы алатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003084-ulttyq-ekonomika-ministri-garvardqa-oquga-tusce-de-ogan-bara-almai-qalganyn-aitty/

pixel