Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

17 желтоқсан қайтадан демалыс күні болуы мүмкін бе: Еңбек министрі жауап берді

Опубликовано:

күнтізбе
Күнтізбе. Көрнекі фото: pixabay.com

Ел тұрғындарының бірі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға 17 желтоқсанды қайта демалыс күні ету мүмкіндігін қарастыруды сұрап, хат жазған. Мұндай өтініш "Ашық диалог" порталындағы министрдің блогына жіберілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Автордың жазуынша, 25 қазан – Республика күні болып қайта жариялауына байланысты демалыс мәртебесі де қайтарылған. Алайда 1 және 17 желтоқсан демалыс күндері тізімнен алып тасталған.

"Мен түсінем, мүмкін, Еңбек министрлігі еңбек пен демалыстың теңгерімін назарға алған шығар. Бірақ біз, Қазақстан Республикасының азаматтары 17 желтоқсан әрқашан ұлттық мереке мәртебесінде болғанына үйреніп қалғанбыз", - делінген хатта.

Бұл өтінішке байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жауап берді.

Ол ведомство 17 желтоқсанға мереке күні мәртебесін қайтаруды мақсат етпейтінін айтты.

"16 желтоқсан - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты күн болғандықтан мемлекеттік мереке. Бұл орайда еске алу күні 17-18 желтоқсан болып отыр. Сол себепті 17 желтоқсанды мемлекеттік мереке ретінде атап өтуді орынсыз деп санаймыз", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003112-17-zeltoqsan-qaitadan-demalys-kuni-boluy-mumkin-be-enbek-ministri-zauap-berdi/

pixel