Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазған перзентханасында жаңа туған нәресте көз жұмды

Опубликовано:

Нәресте
Нәресте. Фото: pexels.com

Жезқазған көпсалалы ауруханасының перинаталдық орталығында жаңа туған нәресте көз жұмды. Науқастардың бірі нәрестенің өліміне жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жасанды сүтті ішу себеп болғанын айтады. Бұл жағдайға Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Науқастың әлеуметтік желіде айтуынша, нәресте мерзімі өтіп кеткен жасанды сүттен шетінеген.

Науқастың айтуынша, жоғарыда атап өткен мәселе себебімен тағы бірнеше нәрестенің денсаулығы ауыр жағдайда.

Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі перзентханада нәрестенің өлімі болғанын растады.

"Көз жұмған баланың туа біткен патологиясы болған. Анасы 11-ші аптадан бастап диспансерлік емделуде. Әйелдің жүктілігі бірқатар аурулардың себебінен қолайсыз болды.

Осының бәрі нәрестенің құрсақішілік дамуының кешігуіне әкелді. Туған кезде нәрестеге "екі жағындағы бас миының хореоидты өрімінің кистасы" деген диагноз қойылды", - деп хабарлады Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ басқармада инфекцияның дамуына байланысты нәресте өмірінің алғашқы күндерінен бастап антибиотикалық терапия алғанын, бірақ оның жағдайы жақсармағанын айта кетті.

Дәрігерлердің мәліметінше, ана сүті жетіспегендіктен, баланың салмағы азайған. Сондықтан мамандар жасанды қосымша енгізуге шешім қабылдаған, алайда осының өзінде оң нәтиже болмаған. Нәресте өмірінің тоғызыншы күнінде парентеральды тамақтану қосылған.

Шетінеген нәрестеге 11-ші күні "неонатальды некроздаушы энтероколит" диагнозы қойылды. Басқарма мәліметінше, бұл ауыр ішек ауруы. Дәрігерлер жаңа туған нәрестені толық парентеральді тамақтандыруға және респираторлық тыныс алуға ауыстырған.

"Бала 25 желтоқсанда көп мүшелердің жетіспеушілігінен және ауыр диссеминирленген тамырішілік коагуляциядан көз жұмды. Бұл жағдайда өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіледі", - деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі.

Басқармада көз жұмған нәресте мен екі жаңа туған нәрестенің мерзімі өткен жасанды сүт ішкенін растады. Бірақ бұл жағдай тек бір тәулік қана болған.

Басқарма мәліметінше, өзге денсаулығы нашарлаған екі нәрестенің мерзімі өткен сүтке қатысы жоқ.

"Нәрестелер расымен мерзімі өткен сүтті қолданды. Алайда олардың денсаулығының ауыр жағдайы негізгі дертіне байланысты", - деп хабарлады Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003139-zezqazqan-perzentxanasynda-zana-tugan-nareste-qaitys-boldy/