Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мешітте ұрлық жасады деген күдікпен екі ер адам ұсталды

Опубликовано:

Күдіктілер
Күдіктілер. Фото: Polisia.kz.

Алматыда полиция қызметкерлері мешітте ұрлық жасады деген күдікпен екі ер адамды ұстады. Олардың бірнеше қылмысқа қатысы дәлелденді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, жедел іздестіру іс-шаралары барысында 29 және 34 жастағы жұмыссыз ер адамдар ұсталған.

Ведомства мәліметінше, бір азаматтың 5 қылмысқа қатысты дәлелденген. Ал екінші азамат заңсыз әрекеттердің екі дерегін жасаған.

Полиция мәліметінше, екі айыпталушы да шаһардың ірі мешіттерінің бірінде бірнеше ұрлық жасаған.

Зардап шеккендердің айтуынша, олар намаз кезінде ұялы телефонын еденге қойған. Ал намаздан кейін олар ұялы телефонын жоғалғанын байқаған.

Полиция дерегінше, ұсталғандар өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінген.

"Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша тіркелді. Күдіктілердің қаланың басқа аудандарында жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғын тексерудеміз. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003145-almatydagy-mesitte-urlyq-istedi-degen-kudikpen-eki-er-adam-ustaldy/

pixel