Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман түсіп, жел күшейеді: Қазақстанның бірқатар аймағында дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Тұман
Тұман. Фото: pexels.com

Қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты Қазақстанның кейбір аймағында дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

27 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман күтіледі. Тау асуларында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Шымкентте тұман түсіп, жел күшейеді.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін түнде және сейсенбі күні таңертең батыста, оңтүстікте, Батыс Қазақстан облысының орталығында тұман түседі.

Сонымен қатар Маңғыстау облысында да тұман болады.

Ертең Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Алакөл маңында оңтүстік-шығыстан екпіні 25 м/с болатын жел соғады.

Өскемен, Семей және Риддер қалаларында екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003152-tuman-tusip-zel-kuseiedi-qazaqstannyn-birqatar-aimagynda-dauyldy-eskertu-zariyalandy/

pixel