Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Қазақстан мегаполистері мен ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Безендірілген шырша
Безендірілген шырша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 27 желтоқсан, сейсенбіде Қазақстанның ірі үш қаласы мен ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Күндіз елордада -8…-10 градусқа дейін, түнде -16...-18 градусқа дейін аяз күтіледі. Желдің жылдамдығы 1-6 м/с.

Алматыда синоптиктер күн ашық болады деп болжап отыр. Күндіз +2…+4 градус жылы болса, түнде ауа температурасы -3…-5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

Шымкентте сейсенбі күні қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз +7…+9 градус жылы болса, түнде 0…-2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

Дегенмен, синоптиктер бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынынын айтады.

Тек атмосфералық фронттардың әсерінен елдің оңтүстігінде жаңбыр, қар, қиыр солтүстігінде аздаған қар жаууы мүмкін.

Сонымен қатар республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, оңтүстік пен шығыста жел күшейеді деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003157-bugin-qazaqstan-megapolisterinde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel