Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал имам Нұрлан қажы Асанов: жастардың жыныстық өміріне ене араласпауы керек (видео)

Опубликовано:

Нұрлан қажы Асанов
Нұрлан қажы Асанов. Фото: Ләйлә Сұлтанқызының Youtube арнасы

Танымал имам, дінтанушы, теолог Нұрлан қажы Асанов отбасылық өмірге қадам басатын жастардың алдымен дәрігерлік тексеруден өткені дұрыс екенін айтты. Ләйлә Сұлтанқызының Youtube арнасына келген Нұрлан қажы жастардың жыныстық өміріне ененің араласпағаны жөн екенін алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Адал болыңыздар. Ең соңында айтайын дегенім, қазір үйленген жастар "Дипломы бар ма? Несиесі бар ма? Ата-анасы кім?" дегені сияқты, дәрігердің де тексерілуінен өткені дұрыс болады. Өйткені қыздың да денсаулығы тексерілу керек. Баланың да уақыты босқа өтпеуі керек.

Әйелдерде немесе ұл балада туа біткен бедеушілік болуы мүмкін. Бұл "құжатты алып кел" деген сөз емес", - деді имам.

Бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы имамнан келінді дәрігерге тексерілуге кімнің алып барғаны дұрыс екенін сұрады.

Ал Нұрлан қажы жастардың жыныстық өміріне ененің араласпауы керектігін айтты.

"Ене араласпау керек" деп есептеймін. Келін түскеннен кейін оның жеке өміріне, олардың жыныстық өміріне ене араласпауы керек. Ал келін түскенше, оған анасы жауапты болады. Қыз күйеуге шыққанша, анасы жауапты.

Өйткені кейбір әйел табиғатында болатын нәрсені бойжеткен кезде анасы үйретеді ғой. Тура сол сияқты қыз күйеуге шыққанша, анасы жауапты. Анасы осы жағдайдың бәрін қарап, зерттеуі керек", - деді Нұрлан қажы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003178-tanymal-imam-nurlan-qazy-asanov-zastardyn-zynystyq-omirine-ene-aralaspauy-kerek-video/

pixel