37 рет пышақ жарақатын алған: Талғар маңында такси жүргізушісі өлі күйінде табылды
Жарияланған күні:
17 желтоқсан күні Алматы облысы Талғар ауданы полициясына Кеңдала ауылы маңында ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Құзырлы орган Instagram желісіндегі ресми парақшасында күдіктінің ұсталғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Полицияның мәліметінше, 2022 жылдың 17 желтоқсанында Талғар аудандық полиция басқармасына Кеңдала ауылы маңында С. есімді азаматтың денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Полиция қызметкерлері марқұмның денесін тексеру барысында денесінің әр жерінен 37 пышақ жарақатын алғанын анықтаған.
Аталған фактіні полицейлер Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастаған.
18 желтоқсан күні таңғы сағат 04:00-де іздеу жұмыстарының нәтижесінде, марқұмның денесі табылған жерден шамамен 1200 метр қашықтықтан оның көлігі табылған.
Белгілі болғандай, ер адам жолаушы тасымалдаумен айналысқан.
"Күдікті қылмысты алдын ала ұйымдастырған. Ол ұялы телефон мен бір реттік абоненттік нөмірді қолданып, сапалы қарумен қаруланған. Сондай-ақ күдікті қылмыс жасауға ыңғайлы жерді, марқұмның көлігін қалдыратын орынды білген", – дейді полицейлер.
Полицияның дерегінше, 24 желтоқсанда сағат 22:07 шамасында Алматы қаласының Сейфуллин көшесінде аталған қылмысты жасады деген күдікпен Ж. есімді азамат ұсталған. Сонымен қатар ол қылмысты жеке себептерге байланысты жасағанын мойындаған.
"Қолда бар деректер негізінде, күдікті Талғар аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Одан қылмыс жасаған күні киген, қан ізі бар киімі мен жиылмалы пышақ тәркіленді", – деп қосты ведомстводан.
Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003191-37-ret-pysaq-zaraqtyn-algan-talgar-manynda-taksi-zurgizusisi-oli-kuiinde-tabyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.