Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда дүкенге ұрлыққа түскен ер адам сатушының аяқ-қолын байлап, 25 ұялы телефонды алып кеткен

Опубликовано:

Ұялы телефон. Көрнекі сурет
Ұялы телефон. Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодарда ер адам сатушыны қорқытып, дүкеннен ұялы телефондар мен ақшаны алып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа порталдың жазуынша, 22 желтоқсан күні, таңғы сағат 10.30 шамасында Павлодар қаласындағы сауда үйлерінің бірінде орналасқан ұялы байланыс дүкеніне белгісіз ер адам ұрлыққа түскен.

Ол сатушыны пышақпен қорқытып, аяқ-қолын байлап, 25 ұялы телефон мен 305 мың теңге шамасында қаражатты алып кеткен.

Дүкенге келтірілген шығынның жалпы сомасы 12 млн теңгені құраған.

"Полиция осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - дейді полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003203-pavlodarda-dukenge-urlyqqa-tusken-er-adam-satusynyn-ayaq-qolyn-bailap-25-uyaly-telefondy-alyp-ketken/

pixel