Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры мен тағы бірнеше тұлға 7 жылға сотталды

Жарияланған күні:

Үкім оқып жатқан судья
Үкім оқып жатқан судья. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры Гаухар Алдамбергенова мен тағы бірнеше тұлғаға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми Telegram-арнасында.

"Қарасай аудандық сотының үкімімен бұрынғы ректор – "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің" КЕАҚ басқарма төрағасы Г.Алдамбергенова, ректордың кеңесшісі Қ. Қожантаев (Алдамбергенованың туған ағасы - ред.) және "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының Қарасай Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы А. Журунов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар осы үкім бойынша Қарасай бөлімі басшысының орынбасары Д. Жұмаділ мен бөлім маманы Е. Кемал шартты түрде 7 жылға сотталған.

Ведомствоның мәліметінше, барлық сотталғандар азаматтар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылған.

"Тергеу барысында сотталғандардың университеттің 9 га жер учаскесін бөгде тұлғаларға заңсыз рәсімдегені және бөліп адал сатып алушыларға сатқаны дәлелденді. Нәтижесінде университетке 95,5 миллион теңге шығын келген. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп қосты Аниктор өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003227-qyzdar-pedagogikalyq-universitetinin-buryngy-rektory-men-tagy-birnese-tulga-7-zylga-sottaldy/