Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

BAZIS Construction филиал қызметкерінің пара бергені туралы ақпаратқа жауап берді

Опубликовано:

Бес мың және он мың теңгелік купюралар
5000 және 10 000 теңгелік купюралар. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

BAZIS Construction компаниясының баспасөз қызметі компания филиалы қызметкерінің шенеунікке пара бергені туралы БАҚ-та жарияланған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"2022 жылдың 27 желтоқсанында БАҚ-та "BAZIS Construction" ЖШС филиалы – "INFR." қызметкерінің шенеунікке пара бергені туралы мақала жарияланды. Компания үшін бұл ақпарат үлкен соққы. BAZIS Construction ешқандай сыбайлас жемқорлық әрекеттерін мүлде қабылдамайды. Соған қарамастан компания өз қызметкерінің адалдығына еш күмәнданбайды және тергеумен ынтымақтасуды жоспарлап отыр", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Ұйым жағдайдың тезірек нақтылануына және қызметкердің адал атының қалпына келтірілуіне үміт білдірді.

Еске салайық, бүгін бірқатар БАҚ "Казселденқорғау" басшысы Кәрім Көкірекбаевтың пара алды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатын. Шенеуніктің "BAZIS Construction" ЖШС – INFR филиалының директорынан шамамен 800 мың доллар көлемінде пара алу кезінде ұсталғаны айтылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Көкірекбаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады, бірақ істің егжей-тегжейін айтпады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003269-bazis-construction-filial-qyzmetkerinin-para-bergeni-turaly-aqparatqa-zauap-berdi/

pixel