Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шетелге жұмысқа орналастырамын": Шымкентте алаяқтар 60-тан астам адамды алдап кеткен

Опубликовано:

Алаяқ
Көрнекі фото: Polisia.kz

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына алпыстан астам адам арызданды. Олар алаяқтар шетелге жұмысқа орналастырамын деп алдап кеткенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі

Тәртіп сақшыларының айтуынша, алаяқтықтан зардап шеккендердің саны бұдан да көп болуы ықтимал. Алаяққа сеніп жер сипап қалғандардың дені Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының жергілікті тұрғындары.

Полиция белгісіз тұлғалар өзін "Титан" компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарды шетелге жұмысқа орналастыруға уәде еткенін анықтады.

"Адамдардың сеніміне кірген соң олардың ақшасын иемденіп, белгісіз бағытта бой тасалаған. Жәбірленушілерге 4 000 000 теңгеден астам материалдық шығын келтірілген көрінеді", – дейді Шымкент қаласы полиция департаментінің өкілі Салтанат Қаракөзова.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне енгізілді. Қазір Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"Күдіктілердің жеке басы анықталды. Олардың барлығы шетелде. Ұстау шаралары қабылдануда. Полиция жәбірленушілер санының артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Іс Шымкент қаласы ПД басшылығының ерекше бақылауында", – делінген мәлімдемеде.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары күмәнді компанияларға, бейтаныс азаматтарға сенбеуді, белгісіз адамдардың шоттарына ақша жібермеуді ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003288-setelge-zumysqa-ornalastyramyn-symkentte-alayaqtar-60-tan-astam-adamdy-aldap-ketken/

pixel