Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасына қатысқан 27 атыраулықтың ісі сотта әлі қаралып жатыр

Опубликовано:

Сот
Судья. Көрнекі фото: Рixabay.com

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаңтар оқиғасына байланысты екі іс қаралып жатыр. Оның бірі – 27 адамға қатысты іс, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаңтар оқиғасына қатысқан күдіктілер ісіне байланысты сот отырысы жалғасып жатыр. Басты сот талқылауы 19 қыркүйекте басталған болатын.

"Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаңтар оқиғасына байланысты екі іс қаралып жатыр. Оның бірі – 27 адамға қатысты іс.

Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 1,4,8-тармақтары, 380-1-бабының 2-бөлігі, 6-тармағы, 291-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы, 287-бабының 4-бөлігі, 28-бабының 5-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 4,8-тармақтары, 188-бабының 1-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 4-тармағы, 287-бабының 3-бөлігі, 191-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы, 200-бабының 2-бөлігі 1-тармағы, 200-бабының 4-бөлігі, 384-бабының 3-бөлігі, 272-бабының 2,3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, – деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Ал екінші іс бойынша бір адамға Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігімен, 380-бабының 1-бөлігімен айып тағылған.

Облыстық соттың мәліметінше, сот отырысында 110 куәгер мен 115 зардап шегушіден жауап алынып жатыр. Олардың басым бөлігі – полицейлер мен әскери қызметкерлер көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003306-qantar-oqigasyna-qatysqan-27-atyraulyqtyn-isi-sotta-ali-qaralyp-zatyr/

pixel