Белгілі имам "тек өзінікі дұрыс деп, жәннаттың есігін ашып-жауып жүргендерге" ескерту жасады
Жарияланған күні:
Көпшіліктің дінге қатысты сауалдарына жауап беріп жүрген имам әрі дінтанушы Нұрлан қажы Байжігітұлы әлеуметтік желіде кеңінен танылуда. Жақында ол "Хабар" арнасындағы АйнаLine жобасында қонақ болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Нұрлан қажы өзінің желіде танымал болуына не себеп болғанын айтты.
"Алланың діні сондай... Қатқан жүректерді жібітеді. Естімейтін құлақты естіртеді. Менің де алып бара жатқан ештеңем жоқ. Біздің елімізде менен де білімді, менен де сауатты адамдар өте көп. Халықтың таңдауы деп есептеймін. Рахмет баршаңызға. Мұның да артында жауапкершілігі көп екен", - деді желідегі танымалдық туралы сөз қозғаған имам.
Сондай-ақ имам желіде түрлі насихат айтатындарға да ескерту жасады.
"Дәстүрден ұзап, қатты алшақтап кеткен шығармыз. "Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады, қатты-қатты сөйлесең мұсылман діннен шығады", - дейді. Дұрыс сөйлеп, адамның көңілін тапса, сол жөн емес пе?! 15 жасымнан имам болған азаматтың бірімін. 1994 жылдан бері дін қызметіндемін. Мұның бәрі тәжірибемен жиналады.
Осы отыз жыл ішінде біз мешіттің ішінде ұрсып та айттық, қатты да айттық. Сол кезде көшедегі адамдар сыртта қалып, мешіттегі адамдар бөлініп шығып кеттік. Енді мен сол көшедегі адамдарға барып қосылып едім, мына жақтағы халық түсінбей жатыр. Өмір болған соң, бәрі болады. Бір адамға тіреліп қалудың қажеті жоқ. Дін олардың монополиясы емес. "Тек менікі ғана дұрыс, мен ғана жұлдызбын", - деп, жәннаттың есігін ашып-жауып жүргендер кілтті өткізуі керек. Кілттің иесі олар емес", - деді имам.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003328-zelide-xitqa-ainalgan-nurlan-imam-zannattyn-esigin-asyp-zabatyndarga-eskertu-zasady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.